
Ағымдағы жылғы 8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өңірдегі әртүрлі діни бірлестіктер басшыларының қатысуымен клубтың қорытынды жиналысы өтті.
Кездесу барысында Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, қоғамдағы тұрақтылық пен конфессияаралық келісімнің маңызын атап өтті.
Басқосуда биыл атқарылған іс-шаралар сараланып, конфессияаралық бағыттағы бірлескен жұмыстың нәтижелері талқыланды. Жыл бойы белсенділік танытып, ортақ іске үлес қосқан қатысушыларға алғыс білдірілді.
Сонымен қатар келесі жылға арналған жоспарлар ұсынылып, қатысушылар өз пікірлері мен бастамаларын ортаға салды. Ашық диалог форматындағы талқылау ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сеп болды.
Жиын достық атмосферасында өтіп, конфессияаралық түсіністік пен бірлікті күшейтудің кезекті қадамына айналды.