Алматы облысы мешіттерінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілді

Алматы облысы мешіттерінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілді

         Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде жүзеге асуда.

          Аталған бастама аясында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылғы 29 қазандағы үндеу-хатына орай, 5 қараша күні Алматы облысы мешіттерінің аумағында республикалық «Таза Қазақстан» атты экологиялық акция өткізілді.

          Игі шараның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, сондай-ақ қоғам мүшелерінің экологиялық мәдениетін арттыру және өскелең ұрпаққа туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру болып табылады.

          Акция барысында мешіт жамағаттары, дін қызметкерлері, жастар ұйымдары мен еріктілер белсенділік танытты. Қатысушылар мешіттер мен қоғамдық орындардың айналасын, өзен-көл жағалауларын, көшелер мен саябақтарды қоқыстан тазалау және тазалық жұмыстарын жүргізді.

          Бастама халық арасында үлкен қолдау тауып, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға серпін берді. Іс-шара соңында қатысушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, «Таза табиғат - таза болашақ!» ұранын ортақ үнге айналдырды.

          Аталған акциялар еліміздің әр өңірінде экологиялық мәдениетті нығайтуға, табиғатқа деген жанашырлық пен қамқорлықты арттыруға бағытталған.