Алматы облысының имамдарына арналған «Рухани тұрақтылық және діни экстремизмнің алдын алу жолдары» тақырыбындағы екі күндік семинар өткізілді

Алматы облысының имамдарына арналған «Рухани тұрақтылық және діни экстремизмнің алдын алу жолдары» тақырыбындағы екі күндік семинар өткізілді

Алматы облысының имамдарына арналған «Рухани тұрақтылық және діни экстремизмнің алдын алу жолдары» тақырыбындағы екі күндік семинар өткізілді.

Аталған іс-шара Алматы облысы Дін істері басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды.

Семинардың басты мақсаты – имамдардың дін, заңнама, психология және ақпараттық-ағартушылық бағыттардағы білімін жетілдіру арқылы діни экстремизм мен радикализмнің алдын алудың тиімді тәсілдерін үйрету.

Шара барысында қатысушылар қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайту, діни сауаттылықты арттыру және экстремистік идеологияларға қарсы іс-қимылдың заманауи әдістерін талқылады.

Бұл семинар облыс имамдарына арналған оқыту бағдарламасының соңғы кезеңі болып табылады. Жоба аясында өңірдің барлық аудандарынан 100-ден астам дін қызметкері қамтылды.

Семинардың қорытынды бөлімінде Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Ахилбекұлы және облыстың өкіл имамы Мадияр Тағайбайұлы қатысушыларға алғыс білдіріп, арнайы сертификаттар табыстады.