Алматы облысы Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері Жамбыл Жабаев музейінде бас қосты
Алматы облысы Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері бүгін Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейіне арнайы барды.
Шара аясында қатысушылар музей экспозицияларымен танысып, ақын мұрасының мәңгілік мәнін ұлықтады. Сонымен бірге, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің қорытындылары талқыланып, дінаралық татулық пен өзара түсіністікті нығайтуға қатысты пікірлер айтылды.
Бұл кездесу тарих пен мәдениетке тағзым ете отырып, рухани келісімнің қоғамдағы ерекше рөлін тағы да айқындады. Бейбітшілік пен бірлік – еліміздің басты құндылықтары.
#Алматыоблысы #Дінибірлестіктерклубы #ЖамбылЖабаев #Бейбітшілік #Ынтымақ #МәдениетпенРуханият #Диалог