ДОСТЫҚ СЕРУЕНІ

ДОСТЫҚ СЕРУЕНІ

Алматы облысының Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері еліміздің ерекше табиғи ескерткішіне айналған Шарын шатқалын тамашалап қайтты.
Дінаралық татулықтың үлгісіне айналған клуб мүшелерінің кезекті іс-шарасына исламдық, православтық, католиктік, кришнаиттік және елуіншілік конфессия өкілдері қатысты.
Алматы облысы Дін істері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған серуен барысында әртүрлі дін өкілдері қоғамдық маңызы бар ортақ мәселелерді талқылады және еліміздің ерекше табиғатын сөз етті.
Туристтер арасында танымал болған «Қамалдар алқабының» бойымен Шарын өзеніне дейін созылған серуен кезінде шатқалдың ерекше пейзажы дін өкілдерін тамсандырды.
Сонымен қатар, іс-шара соңында клуб мүшелері арнайы жайылған ақ дастарханда бас қосты.