Медбике – дәрігердің серіктесі, науқастың көмекшісі

Медбике – дәрігердің серіктесі, науқастың көмекшісі

Бүгін, 12 мамырда, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында бүкіл әлемдегідей маңыздылығын әрқашан есте сақтау қажет кәсіби мереке – Халықаралық медбикелер күні салтанатты түрде аталып өтті. Мұнда 300-ге жуық орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді, оның 50-ге жуығы ауылдық жерлерде. Іс-шара барысында директор Ракишева Айман Галимжанқызы соңғы жылдары айтарлықтай өскен денсаулық сақтау жүйесіндегі медбикелердің маңызды рөлін атап өтті. Өйткені, функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту және өкілеттіктерді беру арқасында медбикелер медициналық көмек көрсетудің командалық моделінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл Қонаев қаласындағы дәрігерлердің жүктемесін азайтып, пациенттерді тиімді бағыттауды қамтамасыз етті, сондай-ақ медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырды. Айман Галимжанқызы, бүгінгі таңда, медбикелердің созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы мен патронаждық қызметтің әмбебап прогрессивті моделі аясында диспансерлік науқастарды өз бетінше басқарып, кеңес беріп, оқытып, патронажды қамтамасыз ететінін де атап өтті. Алдын алу шаралары, оның ішінде екпе мен скрининг, медициналық көмектің барлық деңгейінде халықтың денсаулығын нығайтуға қатысу да медбикелердің нәзік иығына түсетінін ескерді. Стационарлық медбикелер жұмысының маңыздылығын да атап өтті. Бұл науқасқа толыққанды күтім, медициналық талаптарды қатаң сақтау, жоғары кәсіби шеберлік.
Аурухананың кіші және орта медициналық персоналының жұмысын жоспарлауға және ұйымдастыруға жауапты бас медбике Тұрсынова Айжан Серікқызын және аурухананың барлық медбикелерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз.
Бұл құттықтауларға облыс орталығының көптеген тұрғындары да қосылып, медбикелерге адам денсаулығын қорғауға қосқан өлшеусіз үлестері, кәсіби біліктілігі, жанашырлығы мен өз ісіне деген адалдығы үшін шынайы алғыстарын білдіруде.
Жергілікті SENIM кәсіподақ ұйымы, бүгін, медбикелерге және іс-шараға келген ардагерлерге арнайы сыйлықтар және гүлдер ұйымдастырып, мерекені әрлендіре түсті.