Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды, ол 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында «Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен өткізілуде. Осыған орай, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында да иммундау апталығының ресми ашылуы өтті. Оның мақсаты – екпе алу өмірді сақтайтынын еске салу. Іс-шарада сөз алған, Қонаев қаласы бойынша санитарлық -эпидемиялогиялық бақылау басқармасының басшысы Медетов Нариман Орынбасарұлының сөзіне сүйенсек, егудің арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия тіркелмеген. Эпидпаротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті - 32 есе, В гепатиті - 92 есе, қызамық - 2000 еседен астам төмендеген. Бүгінгі таңда иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғауды қамтиды. Бұл бағдарлама Қонаев қаласында да кеңінен жүзеге асырылуда.
Ресми деректерге сүйенсек, қызылша ауруының 75 пайызы және көкжөтелдің 87 пайызы жоспарлы екпе алмаған балаларда кездеседі. Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап Ұлттық күнтізбеге 11-13 жас аралығындағы қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау қосылып отыр.
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының эпидемиолог дәрігері Саржанов Ерлан Жарылқапұлының сөзінше, екпе алу - өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына, балалар өлімінің төмендеуіне ықпал етеді. Вакцинация жасына қарамастан халықтың барлығына қажет. Вакцинацияланған адамдардың есебінен инфекцияның таралуы мен ауру - сырқаулықтың күрт өсуіне тосқауыл болып табылатын "ұжымдық иммунитет" құрылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі жұқпалы аурулар - туберкулез, В гепатиті, дифтерия, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит, қызылша, эпидемиялық паротит, тұмау, гемофильді инфекцияға қарсы егуді көздейді. Сонымен қатар, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация ұсынылады.
Балалардың денсаулығы - бұл инфекциялар қаупінің жоқтығы – мұның өзі тек профилактикалық егулерді кеңінен жүргізу арқасында ғана қол жеткізіледі.
Есіңізде болсын, жұқпалы аурулардың алдын алудың жалғыз құралы - вакцинация!