Темір тапшылығынығ алдын алу жолдары қандай?

Темір тапшылығынығ алдын алу жолдары қандай?

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының Үздік тәжірибелер орталығының дәрігерлерінің пайымдауынша, темір тапшылығы анемиясының ауыр түрі жүрек ақауларына: аритмияға, жүректің жиырылу қабілетінің төмендеуіне, тіпті миокард инфарктісі мен жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Бүгінгі күні, Қонаев қаласында 700-ден астам адам темір тапшылығы анемиясымен есепте тұр. Емдеу мекемесінің акушер-гинеколог дәрігерлері темір тапшылығы анемиясының жүкті әйелдерге жатыр бұлшықеттерінің тонусының өзгеруіне, сондай-ақ, ұрықтың дамуының кешігуіне алып келуі мүмкін екендігін айтады. Егер де сізде тез шаршау, бас айналу, апатия және тәбеттің болмауы, терінің бозаруы, шаш пен тырнақтардың сынғыштығы, көз алдында жыпылықтайтын дақтар, сондай-ақ дәм талғамының өзгеруі байқалса, оларға бей-жай қарамау қажет. Мысалы, пациенттер бор немесе топырақты жеуге ұмтылуды, тыныс алудың қысқаруын және жылдам жүрек соғуын байқайды. Анемия адам ағзасына қауіпті, сондықтан бұл ауруға аса мән беріп отыру маңызды. Тіндер мен мүшелердің оттегімен жеткіліксіз қамтамасыз етілуіне байланысты ми мен жүрек зардап шегеді, нәтижесінде адам аурулар мен патологияларды асқындырып алады. Бұл өте қиын, себебі қызыл қан жасушалары гемоглобинді қамтиды және оттегін өкпеден дене тіндеріне тасымалдауға көмектеседі. Анемия жеңіл, орташа және ауыр болып бөлінеді және бұл белгілі бір ауруда гемоглобин немесе қызыл қан жасушаларының деңгейі қаншалықты төмендегеніне байланысты. Көптеген аурулар, жұқпалы және паразиттіктен ісік алды жағдайларға және ісіктердің болуына дейін анемиямен бірге жүреді. Сондықтан сақтық танытып, ауру өздігінен жоқ болып кетеді деген үмітпен оның өршуіне жол бермеу керек. Жедел анемия кенеттен қан тамырларын зақымдайтын жарақаттан, ішекте немесе асқазанда қан кетуден және ауыр қан жоғалтудан туындауы мүмкін. Оның белгілері әдетте бірден байқалады: құлақтың шуылдауы, бозару, қатты бас айналу және әлсіздік. Балалардағы анемияны уақытында анықтау да маңызды, өйткені төмен гемоглобин деңгейі баланың психикалық және физикалық дамуының бұзылуына әкеледі.
Анемияға шалдықпас үшін, алдын-алу шараларының маңыздылығын естен шығармаңыздар.