
Қонаев қаласында «Донор күні» өтті және оған 100-ден астам адам қатысты. Облыс орталығының тұрғындары ауыр науқас балаларға 60 литр қан жинап берді. 2005 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында дүние жүзінің денсаулық сақтау министрлері ерікті қан донорлығын қолдау туралы мәлімдеме қабылдады.
Бір ғана елімізде жылына 80 мыңға жуық адам донорлық қанға мұқтаж. «Біз, әрқайсымыз, қан тапсыру адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін, өмірлік маңызды және сауапты іс екенін түсінеміз. Қай кезде де донор болуға, көмектесуге, жақсылық жасауға және үміт сыйлауға деген ұмтылыстың құрметті миссия болып саналатыны есімізде», - дейді Сәкен есімді Қонаев қаласының тұрғыны. Ол 5 жылдан бері қан доноры болып, ауыр науқасқа өз қамқорлығының бір бөлігін бере алатынына қуанышты. Бір кездері жақындарының бірі донорлық қанға мұқтаж еді. Сол уақытта мүлдем бейтаныс адамдар туысының өмірін және денсаулығын сақтауға көмектескені әлі есінде.
Қазір Сәкеннің өзі қан тапсырушылар қатарында. Қан қызметінің нәтижелі жұмысы мен донорлардың жомарттығының арқасында еліміздің медициналық ұйымдары кез келген уақытта қан компоненттерімен қамтамасыз етілуде. Бұл қиын жағдайға тап болған адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігін арттыратыны сөзсіз.