Алматы облысының реаниматологтары мен гинекологтары мультикоммандалық оқытудан өтті

Алматы облысының реаниматологтары мен гинекологтары мультикоммандалық оқытудан өтті

2024 жылғы 21-24 мамыр аралығында Алматы облысының реаниматологтары мен гинекологтары үшін өңірдегі ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету мақсатында "халықаралық тәжірибені ескере отырып, акушерлік анестезиологияның және қарқынды терапияның өзекті мәселелері" тақырыбында мультикомандалық мастер-класс өтті.

Шеберлік сабағын медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер, акушерлік патологиясы бар пациенттердің "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының" сарапшы-консультанты Жұмаділов Агзам Шаймарданұлы жүргізді. Сондай-ақ, Агзам Жұмаділов акушерлік анестезиология және реанимация бойынша клиникалық хаттамаларды әзірлеуші болып табылады. Ол өз тәжірибесімен бөлісе отырып, әртүрлі патологиялары бар жүкті науқастарды емдеудің жаңа әдістері туралы айтты.