Денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылы төрт айда атқарылған жұмысын қортындылады

Денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылы төрт айда атқарылған  жұмысын қортындылады

Бүгін Қонаев қаласында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылдың алғашқы төрт айында атқарылған жұмысы бойынша алқа отырысы өтті.
Жиынға алқа мүшелері, облыстың мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарының директорлары мен директорлардың орынбасарлары қатысты. Алқа отырысында медициналық мекемелердің инфрақұрылымын жақсарту, дәрігерлердің біліктілігін арттыру, заманауи технологияларды енгізу және медициналық-санитарлық көмектің сапасын арттыру мәселелері қаралды.
Бірқатар салалар бойынша бас дәрігерлердің есебін тыңдаған Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы облыстағы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын қанағаттанарлық деп танып, медицина ұйымдарының басшыларына тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жүктелген жауапкершілік шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы негізгі индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету, ана мен бала денсаулығын басты назарға алу, дәрігерлердің біліктілігін арттыру, ерте диагностиканы, сапалы скринингтер мен кәсіби тексерулерді қамтамасыз ету.