Мен: «Дәрігер, аяғымды кесіп тастаңызшы!» дедім

Мен: «Дәрігер, аяғымды кесіп тастаңызшы!» дедім

Бүгінгі күні анаэробты инфекция емі хирургияда ерекше орын алады, бұл диагноздың ерекше ауырлығымен, іріңді некрозбен асқынуымен, жұмсақ тіндердің үлкен аумақтарына таралуымен байланысты.
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирург-дәрігері Асхат Рашидұлы Наймасов өте ауыр жағдайда, клостродиальды емес инфекциямен, сол жақ жамбас флегмонасымен, сепсис және интоксикациямен емдеу мекемесіне түскен 39 жастағы науқастың өмірін аман алып қалды. Науқастың өмірі үшін күрес алғашында жансақтау бөлімінде реаниматолог дәрігерлерімен бірге жүргізілді.
Сондай-ақ, хирургия бөлімшесінде өзара көмек пен тәлімгерлік рухы маңызды болғандықтан, науқасты емдеуге директордың орынбасары Гаухар Файзуллақызы Нұғманова және бөлімше меңгерушісі, тәжірибелі хирург Ринат Тоқбазарұлы Әжібиевтің белсене атсалысқанын айта кеткен жөн.
Емдеуші дәрігер Асхат Рашидұлының айтуынша, науқастың ауруы айқын жүйелі қабыну реакцияларының, сепсистің дамуын және соның салдарынан көптеген мүшелерінің жұмыс жасауының жеткіліксіздігін алдын ала анықтап, аурудың қорқынышты болжамын туғызған. Аяқ-қолдың жұмсақ тіндерінің анаэробты іріңді-қабынулық зақымдануы көбінесе ауыр деңгейдегі мүгедектікке әкеледі. Жараның анаэробты инфекциясының дамуындағы өлім-жітім көрсеткіштері өте жоғары - 80% дейін құрайды: «Науқасқа қажетті ем жүргізгенімізді атап өткен жөн. Науқас стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдап үйінде бола берген екен. Ауру басталғаннан бастап 8-ші күні өзін-өзі емдеудің тиімсіздігіне және жалпы жағдайының нашарлауына байланысты біздің емдеу мекемемізгі жатқызылды. Науқас жағдайының ауырлығы кең көлемде анаэробты клостридиальды емес флегмонаның болуымен және жүйелі қабыну реакциясы көрсеткішінде айқын интоксикация құбылыстарының дамуымен анықталды. Емдеу жансақтау бөлімшесінде жүргізіліп, басымдылық дез кеңейтілген гемофильтрация әдісін, экстракорпоральды детоксикацияны қолдана отырып, жаппай антибактериалды және қарқынды инфузиялық және трансфузиялық терапия көрсеткішінде кезеңді некректомия және іріңді-некротикалық ошақтарды хирургиялық тазартумен белсенді хирургиялық тактика таңдалды. Біз таңдаған емдеу тактикасы жалпы іріңді-некроздық процестің дамуын, қабынуды біртіндеп тоқтатуға және кең жара беттерін тазартуға мүмкіндік берді», - дейді Асхат Рашидұлы.
Науқас: «Мені ауруханаға әкелгенде: «Аяғымды кесіп таста!» - деп сұрадым. Жаным қиналғандығы соншалық, мен ауруымнан құтылу жолы жоқ деп ойладым, бірақ көріп тұрғаныңыздай, мен қателескен екенмін. Бүгін мен тек аяғымды ғана емес, өмірімді де сақтап қалған дәрігерлерге ризамын және шексіз алғысымы білдіремін!».
Аурухана дәрігерлері мен мейірбике қызметкерлерінің табандылығы мен кәсіби емінің арқасында 43 күн бойы жалғасқан белсенді кешенді емдеу мен күтім науқастың сауығып, үйіне шығуына мүмкіндік берді.
Осылайша, анаэробты клостридиальды емес инфекцияның ауыр түрлерімен ауыратын науқастарды емдеу белсенді хирургиялық тактиканы қолдана отырып, этиологиялық және патогенетикалық негізделген жеке тәсілді қажет етеді.
Бұл жағдайда патологиялық жара процесінің ауырлығы мен тұрақтылығын нашарлататын микробтық жиындыларды уақтылы анықтау және жүргізіліп жатқан бактерияға қарсы терапияны түзету үшін жараны тұрақты бактериологиялық бақылау қажет.
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Айман Галимжанқызы Ракишеваның айтуынша, науқастардың бұл санатын емдеу процесінде емдік шараларды жүзеге асыруда дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері арасында тиімді өзара іс-қимыл мен өзара түсіністік қажет болды. Науқас қажетті ем-домды алып, құтқарылды.
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігерлеріне тағы бір адам өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс айтамыз!