Туберкулез ауруының белгілері қандай?

Туберкулез ауруының белгілері қандай?

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының фтизиатр-дәрігері Кошелева Валентина Николаевна бүгін туберкулез сияқты қауіпті дерттің алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша өзекті сұрақтарға жауап берді.

- Валентина Николаевна, сәлеметсіз бе! Туберкулез ауруына тән белгілер қандай?

- Сәлеметсіз бе!

Өкінішке орай, бүгінгі күні Қонаев қаласындағы туберкулездің таралу жағдайы алаңдатады. Аурудың көбеюі байқалады.

Сондықтан, адамдар туберкулездің аздаған шағымдардан басталатынын есте ұстағаны жөн. Оларға 2 аптадан астам жөтел (кейде қанды), салмақ жоғалту, тәбеттің төмендеуі, аздап қызба, түнгі терлеу, кеудедегі ауырсыну жатады.

Жоғарыда аталған шағымдар пайда болған жағдайда дереу учаскелік дәрігерге хабарласу қажет, ол сізді арнайы зерттеуге жібереді (диагностика үшін қазіргі уақытта патогеннің ДНҚ-сын анықтайтын заманауи молекулярлық-генетикалық әдістер қолданылады, нәтиже 2 сағат ішінде беріледі). Сонымен қатар, рентген немесе флюорографиялық зерттеу жүргізуге мүмкіндік бар.

- Туберкулезді ерте диагностикалау әдістері қандай?

- Ерте диагностика әдістері, мысалы, балаларда туберкулинді диагностика (Манту реакциясы және Диаскин сынамасы), жасөспірімдер мен ересектерде - флюорография.

– Ал ашық (жұқпалы) өкпе туберкулезі туралы қашан айтуға болады?

- Өкпе ауруы науқас сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде туберкулез микобактериясын бөлетін кезеңге жетсе, өкпе туберкулезінің ашық (бацилярлы) түрін айтуға болады. Бұл кезеңде науқас басқа адамдарға белсенді түрде жұқтыруы мүмкін.

- Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған азаматтар не істеуі керек?

- Өкпеден тыс туберкулезге өкпеден басқа кез келген мүшелер мен жүйелердің туберкулездік зақымдануларының тізімі кіреді. Бұған бронхтардың, плевраның, терінің, көздің, жүйке жүйесінің, сүйектер мен буындардың, зәр шығару-жыныс мүшелерінің туберкулезі және т.б. Байланыстағы адамдарды тексеру өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардағыдай схема бойынша жүргізіледі.

- Егер адам ауру жұқтырса, кейін туберкулезге шалдығу қаупі қаншалықты жоғары?

- «Біздің иммундық жүйеміз инфекциямен өздігінен күреседі. Барлық жұқтырғандардың 90% туберкулезбен ауырмайды. Туберкулез 10% дамиды.

Олардың жартысында: екі жыл ішінде орын алады, қалғандарында ауру кейінірек көрінеді. Иммундық қорғаныс жеткіліксіз болған кезде қауіп артады.

- Валентина Николаевна, жыл сайын осы қорқынышты аурудан қанша адам қайтыс болады?

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын 10 миллионға дейін адам туберкулезбен ауырады және 1,5 миллионға жуық адам осы аурудан қайтыс болады. Сондықтан, мүмкіндігінше, өзіңізді күтуге және барлық алдын алу шараларын сақтауға шақырамын.

- Сұхбатыңызға рахмет!

 

Баспасөз қызметі