Құрылтай күні дүниеге келген сәбилер – елдің жаңа үміті

Құрылтай күні дүниеге келген сәбилер – елдің жаңа үміті

23 тамыз – Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау күні. Бұл күн Алматы облысының перзентханаларында өмірге келген сәбилердің ата-аналары үшін де ерекше қуанышқа толы күн болды.

Құрылтай күні облыс бойынша 12 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 6 ұл және 6 қыз.

Әрбір дүниеге келген сәби – бір отбасының қуанышы ғана емес, елдің демографиялық әлеуетінің артуы, болашаққа деген сенімнің белгісі. Бүгін өмір есігін ашқан бүлдіршіндердің әрқайсысының өз тарихы бар. Ал олардың дүниеге келген күні ата-аналарының жадында өмір бойы сақталатыны сөзсіз.

Алматы облысы – халық саны қарқынды өсіп келе жатқан өңірлердің бірі. Өңірде жыл сайын мыңдаған сәби дүниеге келіп, жаңа отбасылардың қуанышын еселей түсуде.

2025 жылы Алматы облысында 27 131 сәби дүниеге келген.
Туу көрсеткіші бойынша облыстың халық саны көп аудандары алдыңғы қатарда. Атап айтқанда, Қарасай, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында дүниеге келетін сәбилер саны жоғары.

Бүгінгі Құрылтай күні дүниеге келген сәбилер де осы үлкен демографиялық көрсеткіштің бір бөлшегі. Олардың әрқайсысы – елдің ертеңі, Қазақстанның болашағы.

Сәбилердің бауы берік болсын! Өмір жолдары ұзақ, дендері сау, болашақтары жарқын болсын!