
2026 жылғы 30 қаңтар күні ШЖК «Жамбыл көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» МКК-де 2024–2025 жылдардағы қызмет қорытындысына арналған медициналық кеңес отырысы өтті.
Кеңеске Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е. Сүлейменов, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ә. Қамбарұлы, аурухана әкімшілігі, бөлімше меңгерушілері мен медицина қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында аурухананың соңғы екі жылдағы қызмет нәтижелері жан-жақты талданып, негізгі көрсеткіштер мен алдағы кезеңге арналған басым міндеттер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес:
• аурухананың 2024–2025 жылдардағы жалпы қызмет қорытындысы;
• травматология бөлімінің жұмысы;
• босану бөлімі мен акушерлік қызметтің негізгі көрсеткіштері туралы баяндамалар тыңдалды.
Баяндамаларда медициналық көмектің сапасын арттыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, кадрлық әлеуетті нығайту, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысында сала басшылары тарапынан нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары айқындалды.