Алматы облыстық көпсалалы клиникасы өңірдегі онкологиялық көмектің көшбасшысы ретіндегі мәртебесін нығайтуда

Алматы облыстық көпсалалы клиникасы өңірдегі онкологиялық көмектің көшбасшысы ретіндегі мәртебесін нығайтуда

2025 жылы Алматы облыстық көпсалалы клиникасы Алматы облысындағы халықаралық № KZ.Q.01.E0689.С25.16333 – СТ РК ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015)
«Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар» сертификатына ие болған жалғыз медициналық ұйым атанды.
Аталған сертификат клиниканың медициналық қызметтерді басқару сапасы мен тиімділігі бойынша жоғары халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін растайды.

Алматы облыстық көпсалалы клиникасы өңірде онкологиялық аурулары бар науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсететін жетекші медициналық ұйым болып табылады. Директор Саяхат Таурбекұлы Олжаевтың басшылығымен клиникада заманауи медициналық, басқарушылық және цифрлық шешімдер жүйелі түрде енгізілуде.

Клиниканың миссиясы — инновациялық диагностика және емдеу әдістерін қолдана отырып, қолжетімді, сапалы және дербестендірілген медициналық көмек көрсету. Мұнда телемедицина, молекулалық-генетикалық диагностика, ПЭТ-КТ зерттеулері дамытылып, медициналық деректерді орталықтандыруға бағытталған цифрлық жобалар іске асырылуда.

Бүгінде Алматы облыстық көпсалалы клиникасы — халықаралық сапа стандарттары, озық технологиялар және пациенттердің денсаулығы мен өмірі жолында қызмет ететін кәсіби команданың үйлесімді бірлігі.