
2025 жылдың 25–26 қараша айында Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Іле ауданының Қосөзен және Қарой ауылдарында, сондай-ақ «Талғар ОАА» ШЖҚ МКК ересектер емханасында «Ашық есік күні» форматындағы жылжымалы іс-шаралар өткізді. Акция Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық аясында ұйымдастырылды.
Акцияға терапевт, нарколог және жастар денсаулық орталығының мамандары қатысып, тұрғындарға АИТВ инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша кеңестер берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың ВИЧ инфекциясы, оның жұғу жолдары, алдын алу әдістері туралы білімін арттыру, сондай-ақ ерте тестілеудің және уақытылы емдеудің маңызын түсіндіру.
Мамандар АИТВ-ны ерте анықтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Себебі АИТВ инфекциясын бастапқы кезеңде анықтау – дер кезінде ем бастауға, денсаулықты сақтауға, асқынулардың алдын алуға және вирустың басқа адамдарға берілуін болдырмауға мүмкіндік береді. Антиретровирустық терапия вирустың деңгейін анықталмайтын деңгейге түсіреді, демек мұндай вирус берілмейді.
Тұрғындар үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақ қойып, жеке кеңес алды және ақпараттық материалдармен қамтылды. Қалаған азаматтарға жылдам ВИЧ тестілеу аймағы ұйымдастырылып, буклеттер таратылды, дәрігерлермен жеке сөйлесуге мүмкіндік берілді.
Іс-шара нәтижелері: Іле ауданында жедел тестілеуден өткендер — 46 адам, жалпы ақпараттық қамту — 82 адам. Талғар ауданында: 280 адам қамтылды, оның 98-і экспресс-тест тапсырды. Тұрғындарға 50-ден астам ақпараттық материал таратылды.
Өткізілген шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын нығайтуға ықпал етті және АИТВ-ны уақытылы және тұрақты тестілеу – әр адамның және оның жақындарының денсаулығын қорғаудың маңызды қадамы екенін тағы бір мәрте еске салды.