2025 жылғы 18 қазанда Алматы аймақтық көпсалалы клиникада сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес жөніндегі айлық аясында Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – халықты онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте кезеңде анықтаудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру.
Акция аясында 42 пациентке мамандар кеңес берді. Тексеру нәтижелері бойынша:
•3 адамнан сүт безі қатерлі ісігі анықталды,
•6 адамнан обыр алды жағдайлар тіркелді.
Сондай-ақ, 53 диагностикалық зерттеу жүргізілді, оның ішінде ультрадыбыстық зерттеу және маммография бар.
Мұндай іс-шаралар онкологиялық аурулармен күресте маңызды рөл атқарады, себебі олар ауруды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді – бұл кезеңде емдеу тиімділігі жоғары. Клиниктің медицина қызметкерлері әйелдердің тұрақты тексеруден өтіп тұруы және қатерлі ісікке әкелетін қауіп факторлары туралы хабардар болуы – денсаулық пен өмірді сақтаудың басты кепілі екенін атап өтті.