Алматы облысында жастар арасында АИТВ және ЖЖБИ-дің алдын алуға бағытталған үш айлық акция басталды

Алматы облысында жастар арасында АИТВ және ЖЖБИ-дің алдын алуға бағытталған үш айлық акция басталды

Акцияның ұраны: «Жастар – денсаулық пен АИТВ-сыз болашақ үшін!»

Алматы облысында жастар арасында АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған үш айлық акция өз бастауын алды.

Акцияның бастамашысы – Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, облыстың аудандық және қалалық жастар денсаулығы орталықтарының және білім бөлімдерінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Акцияның мақсаты – жастардың АИТВ және ЖЖБИ туралы ақпараттылығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін насихаттау.

Жастар арасында АИТВ жұқтыру жағдайларының тіркелуі әлі де ақпараттың жеткіліксіздігімен және жұқтыру қаупі бар мінез-құлыққа байланысты. Сонымен қатар, сенімді деректер мен профилактикалық қызметтерге қолжетімділіктің шектеулі болуы да маңызды факторлардың бірі болып отыр.

Акция аясында үш ай бойы форумдар, интерактивті кездесулер, тақырыптық дөңгелек үстелдер, колледж студенттері арасында волейбол және футболдан спорттық турнирлер, шығармашылық байқаулар, сурет көрмелері, концерттік бағдарламалар мен сахналық көріністер ұйымдастырылатын болады. Барлық іс-шаралар жастардың салауатты өмір салтын ұстануына және аурулардың алдын алу мәдениетін арттыруға бағытталған.

Бұдан бөлек, мектеп мейірбикелері, педагогтар мен волонтерлер үшін АИТВ және ЖЖБИ-дің алдын алу тақырыбында оқыту семинарлары өткізіледі.

Акция 2025 жылдың қазан–желтоқсан айлары аралығында өткізіліп, Алматы облысының барлық өңірлерін қамтиды.
Бұл іс-шаралар жастардың жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға, медициналық мамандарға деген сенімділігін арттыруға және белсенді, салауатты өмірге ұмтылысын дамытуға бағытталған.

Ұйымдастырушы:
ШЖҚ «Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен

Өткізу мерзімі: 2025 жылдың қазан – желтоқсан айлары

Байланыс деректері: баспасөз хатшысы – Кожалимова Самал Кеңшілікқызы, сот.: +7 778 440 9810
Акцияға жауапты – Абдукаримова Ляззат Алмасбекқызы, сот.: +7 707 158 3236