Клиникада Медеу ауданы әкімдігінің қызметкерлері үшін онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

Клиникада Медеу ауданы әкімдігінің қызметкерлері үшін онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

2025 жылғы 23 тамызда Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігі аппараты мен «Алматылық аймақтық көпсалалы клиникасы» ШЖҚ КГП арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жатыр мойны обыры (ЖМО) мен сүт безі обырының (СБО) алдын алу бойынша Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – онкоскринингтің маңыздылығы және қатерлі ісіктерді ерте анықтау туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру.

Акция аясында:
• 16 мамандық бойынша кеңес беру қызметі көрсетілді;
• 11 ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізілді;
• 12 маммография жасалды
Мұндай профилактикалық іс-шаралар онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтауда маңызды рөл атқарады, бұл емдеудің тиімділігін арттырып, науқастардың өмір сүру сапасын жақсартады.

Алматы аймақтық көпсалалы клиника мен Медеу ауданы әкімдігі тұрғындардың денсаулығын сақтау бағытында бірлескен жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.