Басқарма басшысы Райымбек ауданына жұмыс сапарымен барды

Басқарма басшысы Райымбек ауданына жұмыс сапарымен барды

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов жұмыс сапарымен Райымбек ауданына келіп, ауданның бірқатар емдеу мекемелерін аралап көрді.

Сапар барысында:

• Ауылдық амбулаториялар мен медициналық пункттердің материалдық-техникалық жағдайы таныстырылды;
•  Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері талқыланды;
• Медициналық нысандардың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары тексерілді;
• Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді;
• Аудан орталығында салынып жатқан жаңа емхана құрылысының мерзімдері мен сапасы қаралды;
• Санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету, жылыту, су, электр жүйелері сияқты техникалық мәселелер қаралды;
• Ауыл медицинасының кадр тапшылығы және жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жайында нақты ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, басқарма басшысы шалғай ауылдардағы медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында кешенді шаралар қабылданатынын атап өтті.

Бұл кездесу – шалғай өңір тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолындағы маңызды қадам болды!