Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымұлы Сүлейменов өңірдегі бірқатар елді мекендерде медициналық мекемелердің құрылысы мен жабдықталу барысын бақылау мақсатында жұмыс сапарымен барды.
Объезд аясында төмендегі нысандарға барып қайтты:
Кіші Дихан, Ақтам, Тигермен және Ават ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар;
Дардамты және Ширин ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП);
Көпебұлақ, Ардолайты, Шошынай және Ұзынтам ауылдарындағы медициналық пункттер (БМК).
Сапардың мақсаты – құрылыс жұмыстарының орындалуын, нысандардың пайдалануға беруге дайындығын және олардың ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасының талаптарына сәйкестігін бағалау.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жоспарланған жұмыстардың уақытылы аяқталуының маңыздылығын атап өтіп, бұл нысандар ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын айтарлықтай арттыратынын жеткізді.