13 мамырда Қонаев қалалық мәдениет үйінде дәстүрлі әнші, ұстаз Шолпан Жарқеткенқызы Даржанның «Ардақты елге ән салсам» атты шығармашылық кеші өтті.
Жетісу әншілік мектебінің негізін қалаушы Кенен Әзірбайұлының шығармаларын насихаттап, дәстүрлі ән өнерін көпшілікке кеңінен таныту болды.
Кеш барысында Шолпан Даржан Кенен Әзірбайұлының таңдаулы әндерін орындап, дәстүрлі мектептің үздік үлгілерін ұсынды. Шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Саян Ақмолда мен Нұржан Жанпейісов, мәдениет саласының үздіктері Талғат Әбуғазы мен Гүлниза Жұмажанова, сондай-ақ «Алтынай» би ансамблі мен «Сүйінбай сазы», «Ақ шоқы» ансамбльдері қатысты.
Кештің ерекшелігі – ұстаз бен шәкірт сабақтастығының сахнада көрініс табуы болды. Шолпан Даржанның шәкірттері ұлттық ән өнерін жаңғырта отырып, өз өнерлерін көрсетті.
«Ардақты елге ән салсам» кеші – дәстүрлі өнердің өміршеңдігін дәлелдеген тағылымды мәдени оқиға ретінде жоғары деңгейде өтті.