13 мамыр күні Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінде ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғұмаров Төлеужан Нүсіпжанұлы мен ақын, аудармашы, Халықаралық «Миртемир» сыйлығының лауреаты Дустанова Робия Қамшыбекқызының «Алтын бесік» атты қазақ-өзбек тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті.
Тұсаукесерге Өзбекстан Жазушылар одағының қазақ тілі, әдебиеті бөлімінің басшысы Тұрсынәлі Ахметов, Өзбекстан Жазушылар одағының жауапты хатшысы Наргиза Асатқызы, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен университет студенттері қатысты.