Алматы облысының жедел штабынан маңызды хабарлама!

Алматы облысының жедел штабынан маңызды хабарлама!

Құрметті тұрғындар! Жер сілкінісінің салдарына байланысты барлығыңыздан келесі нұсқауларды орындауларыңызды сұраймыз:

1. ТЖ жою жөніндегі жедел штаб, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін бақылайды. Сіз құтқару қызметінің нұсқауларын орындап, эвакуациялауға дайын болуыңыз керек.

2. ТЖД сейсмикалық белсенділікке талдап, ағымдағы жағдай туралы хабарлайды. Жедел штабтың ақпаратын қадағалаңыз.

3. Өрт сөндіру қызметі жер сілкінісінен кейін өртке дереу ден қоюға дайын. Құтқарушылардың нұсқауларын орындап, өрт қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмаңыз.

4. Медициналық орталықтар зардап шеккендерді қабылдауға дайын. Қажет болса, медициналық көмекке жүгінуден тартынбаңыз.

5. Полиция тәртіпті қамтамасыз етеді, жол қозғалысын реттейді және эвакуациялауға көмектеседі. Өз қауіпсіздігіңіз үшін полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз.

6. ТКШ қосымша қауіптердің алдын алу үшін инженерлік желілерді уақытша өшіруі мүмкін. Оларға жұмысты орындауға және нұсқауларды орындауға көмектесіңіз.

7. Баспасөз қызметі жағдай туралы хабардар етіп, төтенше жағдай кезіндегі іс-қыймылдар бойынша ұсыныстар береді. Жаңалықтарды қадағалаңыз және жалған ақпарат таратпаңыз.