Жыршы-термешілер мектебінің жұмысы

Жыршы-термешілер мектебінің жұмысы

          Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 01 наурызында Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық мәдениет үйінде «Айтыс, жыр - терме мектептерінің облыстық оқыту - әдістемелік» семинары өтті.   

        Семинарда айтыс мектебінің тәлімгерлеріне айтыскер ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Қалиев Серік Әкрамұлы, жыр-терме  мектебінің тәлімгерлеріне жыршы, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің дәстүрлі ән кафедрасының аға оқытушысы Шалдыбеков Ерболат Заманбекұлы дәріс оқыды.   

         Шара соңында тәлімгерлерге арналған оқыту- әдістемелік  бағдарлама құралдары, арнайы сертификаттар табысталды.