БЕРДІБЕК АУЫЛЫНА САЯХАТ!

БЕРДІБЕК АУЫЛЫНА САЯХАТ!

БЕРДІБЕК АУЫЛЫНА САЯХАТ!

               Қазақ әдебиетінің классик жазушысы Б.Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай, жазушының туған өлкесі Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында "Бердібек ауылына саяхат" атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

               Деректі фильм «Yntymaq corparation" компаниясының директоры Тоқтар Мұхамедидің демеушілігімен түсірілген. Фильмнің режиссеры белгілі продюсер Сержан Молдасан.

               Фильм жазушының суреткерлігін туған жерінің сұлулығымен байланыстыра түсірілген.

               Атаулы шараға Райымбек ауданының әкімі Берік Фатихұлы, облыстық мәдениет, архивтер және  құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Нүсіпжанұлы, кинодраматург, "Менің атым Қожа" фильмінде Қожаны сомдаған Нұрлан Санжарұлы, белгілі режиссер Сержан Молдасан және ауыл тұрғындары қатысты.

               Алматы облысының музейлер бірлестігі Б.Соқпақбаевтың өмірінен сыр шертетін жеке заттарынан көрме қойылып халық назарына ұсынылды.