Бердібек Соқпакбаев балалар жазушысы, классик

Бердібек Соқпакбаев балалар жазушысы, классик

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы

Б.Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған

әдеби-музыкалық кеш

             2024 жылдың 26 қаңтар күні Алматы облысы әкімінің қолдауымен Алматы облысының төл тумасы,  қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Б.Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби-музыкалық кеш өтеді.

           Шараның негізгі мақсаты – қазақтың сөз өнеріне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген классик қаламгердің шығармашылығына жаңаша көзқараспен қарап, Бердібек Соқпақбаевтың ұлттық мәдениет пен әдебиетімізге сіңірген ұшан-теңіз еңбегін кеңінен насихаттау.

         Мерейтойлық кештің  құрметті қонақтары ретінде қаламгердің қызы Самал Соқпақбаева, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин,  Қожаның ролін сомдаған Нұрлан Сегізбаев және басқа да мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысады. 

         Өтетін орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы, қалалық Мәдениет үйі.

         Басталуы: 2024 жылы 26 қаңтар, сағ.16.00