Бас прокуратурада ауқымды отырыс өтті

Бас прокуратурада ауқымды отырыс өтті

Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында бірқатар заңнамалық және практикалық шаралар қабылданып жауапкершіліктің айтарлықтай күшейтілгені аталып өтті. 

2020 жылдан бастап есірткіні интернет арқылы өткізу және тұтыну ауыр және аса ауыр қылмыстардың құрамына жатқызылатыны және есірткіні жарнамалау, насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгені туралы айтылған. 

Құзыретті органдарының басшыларына, облыс прокурорларына ұйымдасқан топтарды, контрабанданы, есірткі зертханаларын, есірткі заттарын жеткізу және өткізу арналарын анықтауға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимыл шараларын күшейту тапсырылды.

 

 заседание Координационного совета