Алматы облысының мемлекеттік архиві

Алматы облысының мемлекеттік архиві

«Архивтік анықтама беру» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел   

Ағымдағы жылдың 15 маусымда  "Алматы облысының мемлекеттік архиві" КММ-нің Іле филиалының ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамның Алматы облысы  бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету Іле ауданының орталығымен  бірлесе отырып «Архивтік анықтама беру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс- шараға Іле филиалының қызметкерлері және халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелде, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету барысында,  архивтік анықтама, архивтік көшірме, архивтік үзінді растау құжаттарын алу кезінде туындалатын техникалық ақаулар мен басқа да проблемаларды   алдын алу мәселелері талқыланды. Сөз соңында, филиал қызметкерлері, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне, архивтік анықтама, архивтік көшірме, архивтік үзінді мемлекеттік қызметті алу бойынша   ақпараттық кітапшаларды табыстады.