
Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде ансамбль халықаралық сахнада өнер көрсетіп, қазақтың дәстүрлі музыкасы мен ұлттық мәдениетін таныстырды.
Мәдени іс-шараға әлемнің 40-қа жуық елінен келген өнер ұжымдары қатысып, өз елдерінің рухани және мәдени құндылықтарын көпшілік назарына ұсынды. Ансамбль мүшелері халықаралық көрерменге халқымыздың бай мәдени мұрасы мен рухани қазынасын паш етті.