Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2 және 4-тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 25 мамыр мен 10 маусым аралығында мекеме қызметінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:
• мекеме қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді талдау;
• ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті талдау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2026 жылғы 10 маусымда өтеді.
Ұсыныстар, ескертулер немесе ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болған жағдайда келесі телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 705 674 28 16.