Қапез Байғабылұлының 130 жылдық мерейтойына орай Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылдық кітапханасының ашылу салтанаты өтті.

Қапез Байғабылұлының 130 жылдық мерейтойына орай Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылдық кітапханасының ашылу салтанаты өтті.

Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ағартушы, ақын, жыршы, қазақ ән өнеріне өзіндік өрнек қалдырған сазгер, Алаш рухының өкілі, сталиндік қуғын-сүргін құрбаны Қапез Байғабылұлының 130 жылдық мерейтойына орай Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылдық кітапханасының ашылу салтанаты өтті.
Аталған шараға Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы қатысып, жиналған қауымды құттықтады. Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нөкербанұлы, Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Сламбайқызы, ғалым, педагог, жазушы, Кеген ауданының Құрметті азаматы Сағатбек Медеубекұлы, сондай-ақ Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының директоры Нұрлан Қайырбекұлы бастаған өнер қайраткерлері қатысты.
Шара барысында филармония ұжымы арнайы концерттік бағдарламасын ұсынып, көрерменге рухани әсер сыйлады.
Қапез Байғабылұлының рухани мұрасы – ұлт игілігі. Ол халқы үшін өмір сүріп, ұрпағы үшін күресті, жеке басынан гөрі ел мүддесін биік қойды. Сондықтан оның есімі уақыт өткен сайын тарих төрінен лайықты орнын ала беретіні сөзсіз.
Есімі ел жадында мәңгі сақталсын!