2025 жылғы 6 шілде күні қазақтың ұлттық аспабы домбыра күніне және Астана күніне орай Қонаев қаласының Бердібек Соқпақбаев саябағында ұлттық қазынамыз дәріптелген күні мерекелік шара өтті!
Ұлттық киімде шеру ұйымдастырылып, театрландырылған көрініс, қолөнер шеберлерінің көрмесімен облыс өнерпаздарының концерті өтті.
Мерекелік кеште Қазақстанның халық әртісі, күйші- композитор Секен Тұрысбек, «Ақжауын» камерлық оркестрі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының және «Алатау әуендері» концерттік ұйымының әртістері өнер көрсетті!
Қазақтың ұлттың мейрамы «Домбыра күні» құтты болсын!!!