Қонаев қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті!

Қонаев қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті!

Шарада мәдениет майталмандарына «Мәдениет саласының үздігі» және «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» және «Еңбек даңқы» медалі табысталды.

Сонымен қатар, салада талмай еңбек етіп жүрген жандар ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Ал бірқатарына облыс басшысы Марат Елеусізұлының Құрмет грамотасы және Алғыс хаты берілді.

Сондай-ақ, «Үздік» деп танылған мәдени мекемелер 500 мың, ал қызметкерлер 150 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды.

Ал ЕҢ ҮЗДІК МӘДЕНИ МЕКЕМЕ НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ жеңімпазы «Үшқоңыр» этно-фольклорлық ансамблі ұжымына «JAC S3 PRO» автокөлігінің кілтін табыстадық.

Мерекелік кеште эстрадамыздың жарық жұлдыздары мен облыс әртістері өнер көрсетті.

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, әр жыл сайын өнердегі шыңымыз шарықтап, еңбегіміз жана берсін!