АШЫҚ БЮДЖЕТТЕР
001 программа-
005 программа-
007 -программа
008-программа
009- программа
010- программа
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ
Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде ансамбль халықаралық сахнада өнер көрсетіп, қазақтың дәстүрлі музыкасы мен ұлттық мәдениетін таныстырды.
Мәдени іс-шараға әлемнің 40-қа жуық елінен келген өнер ұжымдары қатысып, өз елдерінің рухани және мәдени құндылықтарын көпшілік назарына ұсынды. Ансамбль мүшелері халықаралық көрерменге халқымыздың бай мәдени мұрасы мен рухани қазынасын паш етті.
Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2 және 4-тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 25 мамыр мен 10 маусым аралығында мекеме қызметінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:
• мекеме қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді талдау;
• ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті талдау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2026 жылғы 10 маусымда өтеді.
Ұсыныстар, ескертулер немесе ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болған жағдайда келесі телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 705 674 28 16.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2 және 4-тармақтарына сәйкес.
2026 жылғы 25 мамыр мен 10 маусым аралығында «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстарыңыз немесе ақпаратыңыз болған жағдайда, келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: +7 705 674 28 16
Филармония басшысына (директорына) қойылатын біліктілік талаптары:
Білімі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Еңбек тәжірибесі: мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе «Шетелде кадрлар даярлау бойынша республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс орган) бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бағыттары бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес;
Үміткер білу керек: Конституцияны; Бюджет кодексін; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібі, Қазақстан Республикасының заңдарын.» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген)»;
Қажетті құжаттардың тізбесі: 1) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып); 4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсты өткізу орны: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 ш/а, №45 әкімшілік ғимарат, 8/747/757/1310, zh.serik@almobl.gov.kz
Құжаттарды қабылдау: 15 күнтізбелік күн. (23.04-13.05.2026ж)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісімімен, «Роза Бағланова» атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы РМҚК бекітуімен облыстардың концерттік ұйымдары мен филармонияларының 2026 жылға арналған республика аумағындағы концерттік-гастрольдік картасы аясында, «Алатау әуендері» концерттік ұйымы Ғ. Жұбанова атындағы өнер орталығында «Құлансаз Stories» атты полистилизм бағытындағы кешін жоғары деңгейде өткізді.
Париж төрінде — қазақ өнерінің шарықтаған сәті!
Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен
және Франциядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің шақыртуымен
«Алатау әуендері» МКҚК ұжымы
бүгін Париж қаласында өткен
«Village kazakh» («Қазақ ауылы»)
мәдени іс-шарасында керемет өнер көрсетті.
Қазақтың әуені мен ұлттық нақышы
Еуропа көрерменін тәнті етіп,
ерекше рух пен жылулық сыйлады.
Сондай-ақ,
Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі атынан
Гүлсара Арыстанқұлова
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің
ашылу салтанатына қатысып,
жылы лебізі мен ақ тілегін білдірді.
10 сәуір күні Қырғызтан Республикасы Бішкек қаласы Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Кыргыз улттык драма театрнда “Казак-Кыргыз акындары мен ырчыларының “ фестивальі өтті. Аталған шараға Алматы облысынан Сауытбек Расул мен Бибігүл Тлеболдинова, Тараздан Алик Бекмусаев, Алматы қаласынан Алтынбек Ибрагим қатысып қайтты. Фестивальде қазақ - қырғыз ақындарының айтысты ұйымдастырылып, айтыс түрлерінен семинар сағаттар өтті.
Өнер көрсеткен ақындар Қырғызтан Республика мәдениет министірлігінің Қырғыз мәдениетіне қосқан үлесі үшін “Сахна жылдызы” медальімен марапатталды.
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
1. |
«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ Ұлттық архив қорын пайдалану, ғылыми-анықтамалық ақпарат және құжаттауды бақылау бөлімінің басшысы Кожекеев Ә Тел:8 705 674 2816
|
Еңбек өтілі туралы архивтік анықтаманы қалай алуға болады? |
Мемлекеттік архивтер «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметті көрсетеді, осыған байланысты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Е-Өтініш» АЖ-і арқылы сұрау салулар келіп түскен жағдайда, өтініш қоса берілген құжаттармен бірге біздің тарапымыздан «Е-Архив» АЖ-не көшірілуге жататынын және көрсетілген ақпарат жүйесінде - кеңсе арқылы түскен болып тіркелетінін және жауабын көрсетілген мекен-жайға Казпочта арқылы жіберіледі.
|
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңының және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығының негізінде – «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» - Мемлекеттік қызмет болып табылады. 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69- бабы 3- тармағына сәйкес, мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келiп түсетін өтiнiштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiн жүргiзу тәртiбi құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының 1- тарауы 3- тармағының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметті «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік архивтер, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтері көрсетеді (қызметті көрсетуші). Мемлекеттік архивтер «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметті көрсетеді, осыған байланысты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Е-Өтініш» АЖ-і арқылы сұрау салулар келіп түскен жағдайда, Сіздің өтінішіңіз қоса берілген құжаттармен бірге біздің тарапымыздан «Е-Архив» АЖ-не көшірілуге жататынын және көрсетілген ақпарат жүйесінде - кеңсе арқылы түскен болып тіркелетінін және жауабы Сіз көрсеткен мекен-жайға Казпочта арқылы жіберіледі. Мақсаты: архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру жөніндегі мемлекеттік қызметті заңнамаға сәйкес көрсету тәртібін айқындау.
|
Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z98000032
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020790
|
Архивтік анықтама Еңбек өтілін растау |
|
2. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімнің басшысыі Домбай Г.К Тел:8 775 686 0610 |
Музей қорындағы жәдігерлерді ғылыми зерттеу үшін пайдалануға бола ма? |
Ғылыми мақсатта пайдалануға рұқсат жазбаша өтініш арқылы беріледі.
|
Ғылыми зерттеу жүргізу үшін зерттеуші немесе ұйым музей әкімшілігіне жазбаша өтініш жібереді. Өтініште зерттеу тақырыбы, мақсаты мен мерзімі көрсетіледі. Музей директорының бұйрығымен рұқсат берілген жағдайда, зерттеу музей қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі. Музей қоры — ұлттық мәдени мұра болып табылатындықтан, зерттеу кезінде жәдігерлердің сақталу шарттарын бұзуға болмайды. Мақсаты: Музей қорындағы ұлттық мәдени мұра жәдігерлерінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру.
|
ҚР «Мәдениет туралы» Заңы, 2006 жылғы 15 желтоқсан, №207-III.
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы |
Ғылыми зерттеу
Мәдениет Музей қоры |
|
3. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімнің басшысы Домбай Г.К Тел:8 775 686 0610 |
Жеке кәсіпкер музейлік көрме ұйымдастыра ала ма? |
Мекенжайды келісіп, мәдениет бөлімінен рұқсат алу қажет. |
Жеке кәсіпкерлер музейлік көрмелерді өткізу үшін тиісті талаптарға сай нысандарда, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізе алады. Көрме ұйымдастыру үшін жергілікті мәдениет бөлімі мен музей әкімшілігімен келісім жасалады.
Мақсаты: жеке кәсіпкерлер музейлік көрмелерді қауіпсіздік шараларын сақтап және тиісті талаптарға сай нысандарда, жергілікті мәдениет бөлімі мен музей әкімшілігімен келісім негізінде өткізе алады. |
ҚР «Мәдениет туралы» заңы №17-IV 2006 ж. 15 желтоқсан, МКС 2015 ж. 30 наурыз №177 бұйрығы.
|
музейлік көрме, жеке кәсіпкер, келісім. |
|
4. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімнің басшысы Домбай Г.К Тел:8 775 686 0610 |
Жеке коллекциялар көрмесін өткізу үшін рұқсат керек пе? |
Егер экспонаттар мәдени құндылыққа ие болса — иә, рұқсат қажет. келісімшарт арқылы. |
Көрме жобасына тарихи-мәдени құндылығы бар экспонаттар енгізілген жағдайда, жеке кәсіпкерлер КЖМ қолдануға, салық төлеуге және экспонаттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Уақытша экспозициялар үшін музейден рұқсат рәсімделеді. Мақсаты: тарихи-мәдени құндылығы бар экспонаттарды уақытша көрмелерде көрсету кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, жеке кәсіпкерлердің заңды және салықтық талаптарға сәйкес әрекет етуін реттеу.
|
ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңы
|
жеке коллекция, көрме, қорғау. |
|
5. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімнің басшысыі Домбай Г.К Тел:8 775 686 0610 |
Музейге затты қалай өткізуге болады? |
Сыйға тарту немесе уақытша сақтауға беру актісі арқылы. |
Жеке және заңды тұлғалар музейге заттарды сыйға тарту, уақытша сақтау немесе тегін пайдалану шартымен өткізе алады. Барлық рәсімдер акт арқылы рәсімделеді. Мақсаты: музейге заттарды сыйға тарту, уақытша сақтау немесе тегін пайдалану кезінде рәсімдерді заңды түрде рәсімдеп, құжаттаманы толық қамтамасыз ету.
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 «Музей қорындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы» бұйрығы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V070004725_
|
сыйға тарту, өткізу, акт, экспонат. |
|
6. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мәдениет, өнер шараларын ұйымдастыру, мониторинг бөлімнің басшысыі Гумаров Т.Н Тел:8 775 694 6726
|
Қайырымдылық концерт өткізіп беру туралы |
Сіздің өтінішіңіз қаралды. «Алатау әуендері» МКҚК – «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ (әрі қарай – басқарма) қарасты концерттік ұйым. Барлық концерттер мен іс-шаралар жылдық жоспарға сәйкес, басқа басшысының келісімімен өткізіледі.. Жоспардан тыс қайырымдылық концерттер тек басқарманың рұқсатымен жүзеге асырылады. Сол себепті, бұл мәселе бойынша басқармаға жүгінуіңізді сұраймыз. |
Сіздің жолдаған өтінішіңіз қаралды. «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны - «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай – басқарма) қарасты концерттік ұйым. Концерттік ұйымның қызметі - өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртiппен алынған бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады. Өткізілетін концерттер мен мәдени іс-шаралар жыл басында жасалған жоспарға сәйкес басқарма басшысымен бекітіледі. Аталған жоспарға қайырымдылық концерттер де алдын ала енгізіледі. Жалпы қаржыландыру бюджет есебінен жүзеге асырылатын болғандықтан, жоспардан тыс қайырымдылық концерттер тек басқарманың тікелей келісімімен өткізіледі. Осыған орай, қайырымдылық концертін өткізу үшін алдымен басқарманың келісімі қажет екенін хабарлаймыз.
Мақсаты: қайырымдылық концерттерді басқарманың келісімімен заңды түрде өткізу арқылы қоғамдық немесе әлеуметтік мақсаттарды қолдау. |
Кәсіпорынның Жарғысы ҚР «Мәдениет туралы» Заңы (31-бап)
|
Қайырымдылық концерт |
|
7. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Домбай Г.К Тел:8 775 686 0610 |
Баспамыздың кітаптарын сатып аласыздар ма ? |
Баспаның прайс-парақшасымен таныстық. Келесі жылға бюджеттен қаражат қаралса сатып алынады, бюджетке ұсыныс беріледі.
|
Қаржы бөлу «Мәдениет туралы» ҚР Заңының 7-бабы 3-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Кітап сатып алу бойынша ұсыныстар келесі қаржы жылына арналған жоспарға енгізіледі. Баспа ұсынған прайс-парақшалар мен кітаптар тізімі мәдениет мекемелерінің кітап қорының тақырыптық бағыттарына және оқырман сұранысына сәйкес қаралады. Мақсаты: мәдениет мекемелерінің кітап қорын оқырман сұранысы мен тақырыптық бағыттарға сәйкес толықтыру үшін кітап сатып алуды заңды түрде жоспарлап, қаржыландыруды ұйымдастыру.
|
|
Кітапхана жүйесі.
Баспа өнімдері. |
|
8. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Домбай Г.К Тел:8 775 686 0610
|
Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің болуы не болмауы туралы ақпарат беру. |
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жер учаскелерін игеру кезінде тарихи-мәдени сараптама жүргізуді ұсынамыз. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін, жергілікті жерге шығу жұмыстарын ұйымдастыру үшін оны «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» КММ-не жолдауыңызды сұраймыз. |
Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 258 «Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысымен adilet.zan.kz сайтында жарияланған.
Сонымен қатар, Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 258 қаулысымен adilet.zan.kz сайтында жарияланғанын тағы да хабарлаймыз.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жер учаскелерін игеру кезінде тарихи-мәдени сараптама жүргізуді ұсынамыз. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін, жергілікті жерге шығу жұмыстарын ұйымдастыру үшін оны «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» КММ-не жолдауыңызды сұраймыз.
Қосымша мәлімет ретінде, тарихи-мәдени сараптаманы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында қызметті жүзеге асыратын, тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген жеке және заңды тұлғалар жүргізеді.
Сондай-ақ, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңының 26-бабына сәйкес, жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар өздеріне берілген жерлерде орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Осы міндеттемелер орындалмаған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілері орналасқан жер учаскелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қойылады.
Осының негізінде хабарлайтынымыз: «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңының 30-бабына сәйкес, аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөлінгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстар жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 145-бабы 4-тармақшасына сәйкес, жер учаскелерін бөлгенге дейін археологиялық жұмыстарды жүргізбеу айыппұл салуға әкеп соғады.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 203-бабы 1-бөлігіне сәйкес, мемлекет қорғауына алынған тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраға қатысты барлық заңнамалық актілерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 99 бұйрығымен бекітілген «Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын» басшылыққа алуды ұсынамыз.
Мақсаты: қаралған аумақта тіркелген тарихи-мәдени мұра объектілерінің бар-жоғын ресми түрде анықтап, нәтижесін жазбаша түрде хабарлау.
|
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 20, 21, 30-баптары, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000288
|
Тарихи-мәдени ескерткіштер
Археология Тарихи-мәдени сараптама |