ЖОБА
Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексiнiң 10-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Алматы облысының орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерiн жеке меншiкке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары белгіленсін.
«Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 31 шілдедегі № 51-259 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 333 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5219 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі және Алматы облысы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қ. Байғоджаев
Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиев