Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарын квоталау Ережесіне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 бұйрығымен бекітілген Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау Қағидаларына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 05 желтоқсандағы «2024 жылға Алматы облысында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 423 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулының 1, 2, 3 және 4 қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 және 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. Исатаевқа жүктелсін.