Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қызметінің бағыттарының бірі өнер болып табылады, оған шығармашылық ұжымдардың, филармониялардың, облыс театрларының қызметі жатады. Алматы облысында мәдениет, архив мекемелерінің желісі 578 нысанды құрайды. Оның ішінде: 247 мәдениет үйлері мен клубтар, 278 кітапхана, 26 музей, 2 галерея, 20 архив, 4 облыстық мәдениет мекемелері бар.
Атап айтаса:
Облыс бойынша 88 «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар ұжымдар мен 1463 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстейдi.
Мәдениет және архив саласындағы штат саны – 3359 құрайды. Ел мәдениетін асқақтату мақсатында жыл сайын мәдениет нысандары күрделі жөндеулерден өткізіліп, материальдық-техникалық базаларын нығайтуға ағымдағы жылы 368,9 мың тг. бөлінді. Биылғы жылы 6 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және 5 құрылыс нысандарын салу үшін жобалық-сметалық құжаттарына, 6 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарына 1163,7 млн.тг. қаржы бөлініп отыр. Қазақстан халқының мәдени саясатының Тұжырымдамасы негізінде жас мамандар жұмысқа алынып, жаңа форматтағы шаралар саны жыл сайын артып келеді. Биылғы жылдың өзінде 128 штат бірлігі беріліп, халықққа мәдени қызмет көрсету сапасы артып отыр.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 26 жоба өз жұмысын атқарып келеді. Есепті кезеңде 10 922 шара ұйымдастырылып, 887 534 мың адам қамтылды. 18 759 909 теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.
Жыл басынан басқарманың жұмыс жоспары бектіліп, ауқымды шаралар басталып та кетті. Атап айтар болсақ 2020 жылғы 5 ақпан күні Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылының мәдениет үйінде Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден ХІІІ «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» облыстық әншілер байқауы екі номинация (эстрадалық, дәстүрлі ән) бойынша өтті. Байқауға 17 аудан, 3 қаладан барлығы 40 үміткер қатысты. Байқаудың аймақтық іріктеу туры онлайн түрде өткізілді. Облыстық байқауға 18 үміткер жолдама алып, 12 өнерпаз ақтық сынға өтті. Нәтижесінде барлық үміткерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Б.Римова атындағы драма театры М.Әуезовтің «Абай» спектаклін қойып, көрерменге ұсынды. Сондай-ақ, Жетісу ақын жазушыларының шығармашылығын дамыту, Ұлы Абай бабамыздың рухын аспандату мақсатында «Абайға арнау» облыстық мүшәйрасы жарияланып, жақын арада жеңіпаздар анықталады. 200 ге жуық шығарма түскен бұл мүшәйра «Адамзаттың Абайы» атты жинақ болып шығарылды. Ұлы бабамыздың құрметіне «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты облыстық Суретшілер байқауы жарияланып, жақын күндері қорытындысы шығарылады.