
Әнуар Мұхтарханұлы 1985 жылы туылған, білімі жоғары, Қазақ қатынас жолдары университетін «Теміржол көлігіндегі автоматтандыру және байланыс», Қайнар академиясын «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары «Қазақтелеком», «Транстелеком» акционерлік қоғамы филиалдарында маман, бөлім басшысы, басқарушы директордың орынбасары, Алматы қаласы музейлер бірлестігі директорының орынбасары, директоры, Алматы облысының музейлер бірлестігінің директоры лауазымдарын атқарған.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры лауазымында қызмет еткен.