Облыс мектептері 8-11 сынып оқушылары арасындағы «QONAEV NEW INNOVATION» ақпараттық технологиялар бойынша облыстық жастар ІТ-фестивалінің облыстық кезеңі

Облыс мектептері 8-11 сынып оқушылары арасындағы «QONAEV NEW INNOVATION» ақпараттық технологиялар бойынша облыстық жастар ІТ-фестивалінің облыстық кезеңі

2024 жылдың 30 сәуір күні Қонаев қаласы №3 орта мектеп базасында «Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ұйымдастыруымен Облыс мектептері 8-11 сынып оқушылары арасындағы «QONAEV NEW INNOVATION» ақпараттық технологиялар бойынша облыстық жастар ІТ-фестивалінің облыстық кезеңі 3 бағытта (Бағдарламалау бойынша Олимпиада, Web дизайн және 3D модельдеу) өткізілді. Облысымыздың 10 ауданынан іріктеу кезеңінен өткен 31 қатысушы келді.
Әділ қазылар алқасы ретінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Автоматика және ақпараттық технологиялар институты «Программалық инженерия» кафедрасы мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Физика, математика және цифрлық технологиялар институты Информатика кафедрасы оқытушылары шақырылды.
Фестивальдің басты демеушісі «Pine Group» ЖШС 1 орын, 2 орын жеңімпаздарын және бағыттар бойынша «Болашақ Дарынды IT маман» номинациясы иегерлерін бағалы сыйлықтармен, Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы 3 орын жеңімпаздарын сыйлықтармен марапаттады.