Өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық слеті

Өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық слеті

2024 жылдың 4-5 сәуір күндері өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық слеті өтті.

Слеттің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқаруды, балалар мен жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту, мектеп парламенті көшбасшыларының оң имиджін қалыптастыру, тәжірибе алмасу алаңын құру, мектеп оқушыларының көшбасшылығын анықтау және ынталандыру.

Слеттің бағдарламасына  сәйкес командалардың презентациялары қорғалып, топ жетекшілеріне арналған тренингтер, шебер сыныптар өтті. «Мықты көшбасшы – үздік команда»,  «Пікірсайыс – ақиқат жолы»,  «Эко» стиліндегі өмір»,  «Балалар парламенті – шығармашылық алаңы»,  «Ерлік – жүректе»  тақырыптарындағы пікірталас алаңдарына  кірді.Келесі күні  «Jas leader akademiiasy» қатысушылары,  мектеп парламенттерінің президенттерімен кездесу өтті. Слет соңында резолюция шығарылды.Слет қатысушылары сертификаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Слет соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде экскурсия жасап,көңілді күймен тарқасты.Республикалық слет жоғары деңгейде өтті.