Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына (өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 08 тамыздағы № 544 қаулысы) сәйкес киім (мектеп формасы), аяқ киім, мектепке қажетті оқу құралдарын сатып алуға қаржылай көмек төмендегі санаттағы білім алушыларға көрсетіледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.