«Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7, 10 – сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады

«Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7, 10 – сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады

Негіздеме: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы.

Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізіледі.

Мамандандырылған білім беру ұйымы:

«Мың бала» ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде квоталарды бекітеді.

Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары; ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары; мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар; экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.

Конкурс 15 мамыр – 15 маусым аралығындағы кезеңде апта сайын әрбір сенбі-жексенбі күндері өтеді.

Қосымша мерзімдерді  «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі оқу жылы басталғанға дейін белгілейді.