
2019 жылы 2-4 желтоқсанда Талдықорған қаласында Алматы облысы білім басқармасы «Жетісу дарыны» орталығының ұйымдастырумен жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми жоба конкурсы өтті.
Конкурста 673 оқушының қатысуымен 570 ғылыми жоба қорғалды.
Конкурсқа қатысушылар өз ізденіс жұмыстарының өзектілігі мен жаңалықтарын ортаға салып, көпшілік назарына ұсынды.
Нәтижесінде жеңімпаздар марапатталып, үздіктері облыстық кезеңнің екінші турына жолдама алады.