2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталады

2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталады

2026-2027 оқу жылына балаларды 1 - сыныпқа қабылдау науқаны        27 мамырдан - 31 тамызға дейін жүзеге асыралады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен кестесіне сәйкес, Алматы облысының барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжат қабылдау рәсімі 2026 жылғы 18 маусым - 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына қағаз нұсқада тапсыруға болады.

Балаларды білім беру ұйымдарына қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Ата-ананың (немесе заңды өкілдің) өтініші;
  2. Баланың туу туралы куәлігі;
  3. Өтініш берушінің жеке куәлігі;
  4. Медициналық анықтамалар: №065/е нысанындағы «Иммундау паспорты», №052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығы паспорты»;
  5. Баланың 3×4 см көлеміндегі фотосуреті.

Ата-аналар мен заңды өкілдерді белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды уақытылы тапсыруға шақырамыз.