Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Саналы ғұмырыңызды жас ұрпақты тәрбиелеуге, білім нәрін себуге арнап, таусылмас төзім мен шексіз мейірім танытып келе жатқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Сіздердің арқаларыңызда еліміздің болашағы жарқын, кемел келешекке нық қадам басуда.
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс, шәкірттеріңіздің қуанышы мен жетістігіне толы күндер тілеймін! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің биіктерден көрінуі — ең үлкен марапат болсын!
Мереке құтты болсын!