2025 жылдың 04 маусым күні Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі “Адал еңбек- Адал табыс” айдарымен Жұмысшы мамандықтар жылына орай Жамбыл ауданының орталық алаңына “Көшпелі кәсіби бағдар беру” көрмесін ұйымдастырды.
⚜Шараның негізгі мақсаты- Жұмысшы мамандықтарының маңызын арттыру, жастарды осы салаға тарту және еңбек нарығына қажетті білікті кадрларды даярлауға баса назар аударып, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын дәлелдеу.
⚜Салтанатты жиынға Жамбыл ауданы әкімі аппараты мен 24 селолық округ әкімдері, аудандық білім бөлімі мен мектеп басшылары, “Жастар ресурс орталығы”, “Мансап”жұмыспен қамту орталығының өкілдері мен жұмыс берушілер және аудан тұрғындары шақырылды.
⚜Көрмеге заманауи оқу қондырғылары мен ауыл шаруашылық техникалары қойылып, мамандықтар бойынша таныстырылым жасалды.
⚜Сондай- ақ ” Адал адам- Адал еңбек- Адал табыс” атты Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушыларымыз әскери- патриоттық клубтары мен спорттық үйірмелер жұмысынан көріністер жасады.
⚜Көрме іс- шарасына келген барлық қонақтар ризашылықтарын білдірді.