«Mamandyq Fest» аймақтық фестивалі

«Mamandyq Fest»  аймақтық фестивалі

2025 жылғы 13 маусымда Шелек политехникалық колледжінің базасында облыстық «Mamandyq Fest» аймақтық фестивалі өтті.
Шараға колледж және мектеп директорлары, Еңбекшіқазақ аудандық Мансап орталығы, әлеуметтік серіктестер, еңбек әулеті өкілдері, блогерлер, БАҚ өкілдері, Шелек ауылындағы
9 мектеп оқушылары, барлығы 350 адам қатысты.
Іс-шара барысында білім беру саласындағы жетістіктері мен қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін әлеуметтік серіктестер, өндірістік оқыту шеберлері, білім басқармасының Алғыс хаттармен марапатталды.
«MamandyqFest» аймақтық фестивалі колледждерде білім алғысы келетін мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беретін ауқымды шара болды.