ХАБАРЛАНДЫРУ❗
Балқаш ауданы аумағында Алматы облысы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен өткізілетін әскери жиындар мен тактикалық-арнайы жаттығулар өтеді.
Әскери жиындар мен жаттығулар заң шеңберінде және алдын ала бекітілген жоспар бойынша өтетін болады. Бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларға дайындықты күшейтуге және қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған. Жаттығуларды өткізудің күн тәртібі 2025 жылдың 21-30 сәуір аралығында жоспарланған.
Осыған байланысты аудан тұрғындарын жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Әскери жиындарға қатысты барлық ресми мәліметтер тек тиісті құзырлы органдар тарапынан беріледі. Жалған ақпарат тарату ел ішінде алаңдаушылық туғызуы мүмкін және мұндай әрекеттер заңға қайшы екенін ескертеміз. Ортақ қауіпсіздігіміз үшін дұрыс ақпаратқа ғана сүйеніп, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.